13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауда

23 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы аумағында жазғы кезеңнің басталуына байланысты табиғи өрттердің туындау қатерін алдын алу шаралары кешенді жүргізілуде. Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында ауыл округтерде 815 ерікті өрт сөндіру құрылымдары бар. Сонымен қатар, шалғай жатқан елді мекендердегі өрттерді сөндіру үшін барлық аудандарда қажетті техникалармен жабдықталған жалпы 23 өрт сөндіру бекеттері құрылған. Қазіргі таңда, облыс аумағында болуы мүмкін табиғи өрттерді сөндіруге барлық күш пен құралдар дайын. Бұл туралы брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Асанғали Төлепбергенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жуырда ғана Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген.
«Орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында облыс аумағындағы жалпы республикалық, облыстық маңызы бар және жергілікті автомобиль жолдарының бойларында, орман қоры жерлерінде, егістік алқаптарында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарын жүргізу жоспарланса, бүгінгі күнге жоспардың 80% орындалған. Сонымен қатар, облыс аумағындағы автомобиль жолдарының бойлары мен орман және егіс алқаптарында жалпы 16 билборд пен 54 аншалг-панно орнатылған. Атқарылған жұмыстарға қарамастан, өкінішке орай 2021 жылдың басынан бері облыс аумағында 2 орман өрті тіркеліп, жалпы көлемі 33,9 гектарды құрады», -деді Асанғали Мадиханұлы.
Құзырлы мекемелермен бірлесіп жалпы 13 шұғыл топ құрылып, рейдтік жұмыстар нәтижесінде 187 азамат өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталған. Оның ішінде 54 азаматқа ескерту жасалып, қалған 132 азаматқа 1 079 095 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Шымкентте тарихи ескерткіш«Хызыр» мұнарасы ашылды

Next Post

Мемлекеттік жәрдемақыға үміткер болудың мүмкіндігі қандай?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі