13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тарихи ескерткіш«Хызыр» мұнарасы ашылды

22 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тарихи ескерткіш«Хызыр» мұнарасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін жақында ғана абаттандыру жұмыстары аяқталған жаңарған тарихи ескерткіш «Хызыр» мұнарасының ашылуы өтті. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан. 300 жылдық тарихы бар кешен діни орталық қызметінен бөлек, өз тарихымен туристердің ерекше қызығушылығын оятуда.

Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптаудың маңызы ерекше. Осы бағытта қалалық туризм басқармасының бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Туризм басқармасы «Хызыр» мұнарасын зерделеп, реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін тарихшы-археологтармен арнайы экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауда.

Айта кетейік, республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Шымкент қаласынан 7 нысан енген. Соның бірі «Хызыр» мұнарасы.

Мұнараның биіктігі жер сілкінісі нәтижесінен 10,5 метрден, қазір 5,7 метрге жеткен.

Тарихи нысан Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстанның оңтүстігінде суды көп қажет етпейтін дақылдар егілетін болады

Next Post

Түркістан: Орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі