13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі «Асыл жүрек» орталығында ардагерлерге ақысыз қызмет көрсетеді

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі «Асыл жүрек» орталығында ардагерлерге ақысыз қызмет көрсетеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бастаған комиссия өкілдері зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығының жұмысымен танысты.

Зейнеткерлерді сауықтыруға арналған орталық 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз әлеуметтік пен медициналық қызметтер көрсетіледі.

– Орталық екі ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымда 30 адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде карантин талаптары бойыншакүндізгі стационарда 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерге қабылдап отырмыз. Қызмет алушыларға фито-бар бөлмесінде жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шәйлар беріледі. Сондай-ақ, бронхит, бронхиалды астма (демікпе), аллергиялық ринит сырқаттары бар азаматтар үшін тұз кешені де бар, — дейді «Асыл жүрек» орталығының директоры Мауия Алданазарова.

Бұл жерде күн тәртібі зейнеткерлерді дәрігерлік тексеруден басталады. Қарттарға қызмет көрсету үшін жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды. Мамандардың сөзінше, көптеген сырқаттарға емдік қасиеті бар құрылғыкоронавирус пен пневмониядан кейінгі асқынулармен күресте көмегі орасан.

Әлеуметтік-медициналық орталықта йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Сонымен бірге компьютерлік сауаттылық және қазақ, ағылшын тілін үйрету курстары өткізіледі. Психологиялық тренингтер жиі ұйымдастырылып, мәдени демалыс үшін дендросаябақ, театр мен спорт кешеніне арналған кесте түзілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте 2 мыңға жуық мәдениет қызметкері еңбек етеді

Next Post

Мамыр айында 146 отбасы жалдамалы баспанаға ие болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі