13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 2 мыңға жуық мәдениет қызметкері еңбек етеді

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 2 мыңға жуық мәдениет қызметкері еңбек етеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында бүгінде мәдениет саласында 2 мыңға жуық қызметкер абыройлы жұмыс атқарып келеді. Ал халыққа 56 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде. Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы 2007 іс-шара өткізілді. Пандемияға байланысты іс-шаралардың басым көпшілігі онлайн форматта ұйымдастырылды.

Бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан мәдениет қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында мәдениет саласының үздіктерін қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, «Көрме» орталығы, «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы, «Шымкент қалалық мемлекеттік архив», «Тілдерді оқыту әдістемелік» орталығы, «Шымкент Цирк», «Қуғын сүргін» музейі мен «Зообақ» пен 5 кітапхана, оның ішінде Абай кітапханасының 23 кітапхана бөлімшесі, орталықтандырылған балалар кітапханасының 14 кітапхана бөлімшесі бар.

Естеріңізге салсақ 2020 жылы «Шымкент- ТМД-ның мәдени астанасы» атанып, бұл құрметті абыроймен Душанбе қаласына табысталған болатын. Душанбелік қонақтарға «Достық сыйы» атты топтамасы тарту етіліп, Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қаламыздың символына айналған қызғалдақтың 2200 түбі және қала тұрғындарының душанбеліктерге ыстық лебізі жазылған 2200 тұмар жіберілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Суармалы жерлердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды

Next Post

Шымкенттегі «Асыл жүрек» орталығында ардагерлерге ақысыз қызмет көрсетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі