13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТУРИСТІК БАҒЫТТАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНЕЛУДЕ

12 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТУРИСТІК БАҒЫТТАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНЕЛУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айта кетерлігі, Төлеби ауданы туристер көп жиналатын демалыс орындары мол аудан.
2019-2020 жылдары Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр-Жаңажол елді мекендері арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне баратын облыстық маңызы бар КХ-112 автомобиль жолының 11 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Аталған жол соңғы 15 жылда ешқандай жөндеуден өтпегендіктен жағдайы қанағатсыз болып келген. Қазіргі таңда, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша мердігер мекеме «Бірлік» ЖШС-і тарапынан жол негізін арнайы техникамен нығыздау (ресайклерлеу) жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы толық жаңартылды.
Сонымен қатар, аталған жолдың бойында орналасқан Бірінші Мамыр және Жаңажол елді мекендерінде аяқжолдар төселіп, диодты жарықтандыру шамдары орнатылып іске қосылды. Бұдан өзге, жол таңбалары мен жаяу жүргінші өтпелері сызылып, 2 дана су өткізгіш құбыр ауыстырылды. Сондай-ақ, қауіпті аймақтарға көліктердің жылдамдығын баяулататын жол кедергілері орнатылды.
Жөндеуден өткен жол Төлеби ауданына оңтүстік аудандардан келетін демалушылар мен басқада көлік жүргізушілері үшін өте қолайлы. Жол жүру уақыты біршама қысқарады. Осы бағыттағы жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

Next Post

«АЯЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі