13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

12 июня, 2020
in Денсаулық
0
ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Туғанына небәрі 11 күн болған сәби Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам ауданынан ауыр халде жеткізілген. Медициналық жедел-жәрдем қызметімен жеткен шақалақтың дене қызуы көтеріліп, ентігу белгілері болған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылады. 

Жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері нәрестеден туа біткен жүрек ақауы белгілері анықталған. Жүрек қалқасының тарылуынан бала өміріне қауіп болды, дейді дәрігерлер. Оған қоса жаңа туған сәбидің пневмония мен коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталған. Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургы Алмат Байсалов жетекшілік еткен білікті дәрігерлер құрамы аса маңызды шешім қабылдап, шұғыл түрде ота жасауға бел буады. Екі сағатқа созылған операция сәтті өтті. Бала аман. Отадан кейін бірден қан жүріп, қан қысымы реттеледі. 

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін дәрігерлер операцияны арнайы ота залында емес, дәл жансақтау бөлімінде жүргізген. Сәби әлі де сол жерде ем қабылдауда. Оған жеке дәрігер, жеке медбике бекітілген. Бала өмірін арашалап қалған кардиохируг-дәрігерлер Алмат Байсалов пен Алмаз Аширов және анестезиолог Ақжол Абдраимов, реаниматолог-дәрігерлер Ғабитжан  Исмаилов пен Ерлан Рахымовқа ата — аналары шексіз алғыстарын білдіруде.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ЖОЛДАРЫНДА «BUS LANE» ЖОЛАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТУРИСТІК БАҒЫТТАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНЕЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі