13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласы қайырымдылық жасауда көш бастап тұр

12 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласы қайырымдылық жасауда көш бастап тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында бүгін қаладағы «Ақмешіт» орталық мешітінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды. Азық-түлік себетіндегі күнделікті ас-ауқатқа қажетті макарон, май, шай, тәттілер шымкенттік отбасыларға үлестірілді.

Бұл игі бастама Шымкенттің қайырымды қала екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Аталған акция аясында 32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 мыңнан астам адамға ауызашар себеті таратылған.

– «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы ай басынан бүгінге дейін жалғасты. Қайырымды айдың әр күнінде 1000-нан аса отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз еттік. Бұл — республикадағы үздік көрсеткіш. Себебі осы уақытқа дейін басқа өңірлер 5-10 мың отбасын қамтамасыз етсе, бізде 30 мыңнан асып кетті. Бұл игі іске демеушілік танытқан қала әкімдігіне, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз, — деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.

Сонымен қатар бас имам қала тұрғындарын келе жатқан Айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі мен қаладағы мешіттердің ұйымдастыруымен қолға алған игі шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Елбасы облыстық «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барды

Next Post

Тимур ЕРМАГАМБЕТОВ: Взятки будут брать, пока их будут давать

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі