13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысының ширек финалы басталды

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
«Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысының ширек финалы басталды
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Шымкент жастар лигасы» жобасының ширек финалы басталды. Қала тарихында алғаш рет жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аудандық деңгейдегі іріктеу ойындарынан жеңіп ширек финалға жолдама алған команда капитандарымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен «Шымкент жастар лигасы» өтіп жатыр. Бұл жоба мектеп оқушыларының спортқа деген ынтасын оятып, қызығушылын арттыруда. Спорттық сайыс биыл өз мәресіне жеткен соң, келер жылы да жалғасады. Жоба жеңімпаздарына 20 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі. Егер оқушыларымыз өз мектептеріне 20 миллион теңге сыйласа – ол оқу орындары үшін үлкен жетістік, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жобаға қаламыздың 140 білім беру мекемесінен футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан лигалар құрылды. Жалпы баскетбол волейбол ойындарынан ширек финалға 32 команда шықты. Оның ішінде 16 — волейбол, 16 — баскетбол. Ал, футбол және шахмат ойындарының іріктеу кезеңдері өтуде.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігерін, табандылығын қалыптастыруға және республикалық чемпионаттарға команда жасақтауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба ІІ кезеңді қамтиды. І кезең — 1 наурыз бен 1 маусым аралығында жалпы білім беру мекемелерінің арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан турнир ұйымдастырылды. ІІ кезең — қыркүйек пен қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында шахмат ойынынан турнир ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда командалардың ойын кестесі бекітілді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде арнайы @shymkent_jastar_league парақшасы іске қосылды. Аталған парақшада тұрақты түрде турнир бойынша ақпарат жариялануда.

Айта кетейік, спорттық ойындар санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілуде.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте 130 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Next Post

Кентау көшелері жөндеуден өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі