13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 130 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 130 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе алатындардың қатары артуда. Егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 130 мың 140 адам вакцинацияланды. Өткен тәулікте қалада 11 мың 218 адам вакцина алды: I компонент – 5983, II компонент – 5235.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %, 683 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 4 мамыр күні 270 нысанға (266 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан) тексеру жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осы орайда, медицина мамандары қала тұрғындарына бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін естен шығармайық.

Айта кетейік, өткен аптадан бастап Шымкентте егу пунктерінің жұмысы түнгі 24:00-ге дейін ұзартылды. Қазір қалада 45 екпе егу пункті жұмыс істеуде. Кез келген қала тұрғыны екпе егу пункітіне барып ақысыз КВИ-ге қарсы вакцина салдыра алады. Ол үшін азамат қаладағы мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардың бірінде тіркелген болуы керек.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Шымкент көшелерінде үздік сарбаздар бейнеленген билбордтар ілінді

Next Post

«Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысының ширек финалы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі