13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ұстаз — «100 жаңа есім-2021» жеңімпазы

30 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ұстаз — «100 жаңа есім-2021» жеңімпазы
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстанның 100 жаңа есім-2021» жобасының жеңімпаздары анықталды.

Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымы қорытындыланды. 3 мыңға жуық қатысушының арасынан Шымкент қаласы М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын ✓8 мамандандырылған мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Керимбекова Роза Аршабайқызы үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңімпаздарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, өз дарынымен көпшілікті мойындата білген, мемлекетімізді өркендетуге айрықша үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Президент терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген отандастарымыздың еңбегін ерекше атап өтті. Тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалады.

«Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

2017 жылдан бері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 7,5 мың адам қатысып, талай талантты, талапты қазақстандықтардың есімін таныдық.

«Жүз жаңа есім» жобасы қазақстандық арманның анық іске асқанын көрсетеді. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсатшыл адам осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі. Халқымыздың мерейі де үстем болады. «Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты да – осы. Қазіргі заман – білім мен ғылымның дәуірі. Санасы сергек, ойы ұшқыр жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Мен Қазақ елінің жастарына сенемін!» – деді Қ. К. Тоқаев.

Биылғы маусым жеңімпазы, төрге шыққан шымкенттік ұстаз Роза Аршабайқызы талай республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын дайындаған білікті маман.

 

Previous Post

Шымкентте 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

Next Post

Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн тапсырушылар қатары артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі