13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді

30 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкентте «Рамазан керуені» атты қайырымдылық марафоны аясында аз қамтылған және көмекке мұқтаж 1000 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді.

Себеттердің ішінде күріш, бұршақ, қант, май, тұр сынды өнімдер салынған. Қайырымдылық шарасын ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырған. Игі іске қала кәсіпкерлері демеушілік танытты.

— Мен жалғызбасты анамын. Өзім жалдамалы пәтерде тұрамын. Денсаулығыма байланысты еш жерде жұмыс істемеймін. Қайырымды жандардың арқасында, осы мешіттен азық-түлік алып тұрамын. Демеушілерге Алла риза болсын, — деді қала тұрғыны Тілехан Ахметова.

Айта кетейік, қайырымдылық жасаған шымкенттік кәсіпкерлер өз аты-жөндерін жарияламауды жөн көрген және алдағы уақытта да игі істерді жалғастыратынын айтқан.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың мәлімдеуінше, қала әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен үшінші мегаполисте қайырымды істер акциясы жалғасуда. Бүгінде қалада «Рамазан – қайырымдылық айы» қайырымдылық шарасы бойынша көмек алушылардың базасы жасалып, шаһардағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» қағидаты бойынша жаңа жүйеге көшу қарқынды жүргізілуде

Next Post

Шымкенттік ұстаз - «100 жаңа есім-2021» жеңімпазы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі