13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте алғаш рет жаңа форматта олимпиада өтіп жатыр

26 апреля, 2021
in Білім
0
Шымкентте алғаш рет жаңа форматта олимпиада өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Ustudy» орталығында бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Оған қоғамдық, гуманитарлық бағыттар бойынша — 48 оқушы, жаратылыстану, математикалық бағыттарында 55 оқушы қатысуда. Оның ішінде 3 оқушы – Нұр-Сұлтан қаласынан, 15 оқушы — Назарбаев Зияткерлік мектебінен қатысып жатыр. Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, республикалық олимпиада «Ustudy» орталығының ғимаратында барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіліп отыр.

Биылғы олимпиаданың басты жаңалығы «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылуында. Олимпиаданың тапсырмалары әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды беріледі.

Сайыс аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» орталығы интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылады. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар да «Дарын» орталығы сайтында жарияланатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентке отандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді

Next Post

Шымкенттегі шалғай аудандардағы 100 шақырым жол жөнделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі