13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке отандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді

26 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентке отандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Замира Есенғараева мәлімдеді.

– Шымкентте коронавирусқа қарсы «SPUTNIK V» вакцинасының I компонентін 78 мыңнан аса адам қабылдады. Ал ерікті түрде вакцина алушылардың өсуіне байланысты қаладағы екпе егу пунктілерінің саны 42-ге жетті. Сонымен қатар елімізде 26 сәуірден бастап ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген отандық «QazVac (QazCovid-in)» екпесінің бірінші партиясы қолданысқа енгізіліп отыр. Осы орайда бүгін үшінші мегаполиске «QazVac»-тың 4 000 дозасы жеткізілді. Бұл екпелер қаладағы барлық емхана мен вакцинациялау орнына таратылды. Айта кетерлігі, тұрғындар екпе қабылдау кезінде екі вакцинаның қалағанын таңдай алады, – деді Замира Шарбанқызы.

Спикердің сөзінше, отандық «QazVac» – коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған, бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия түріндегі вакцина. Аталған екпе 18-ден асқан адамдарға 21 күндік интервалмен екі рет салынады. Бұл ретте қала емханаларындағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, жылжымалы егу пунктілерінде вакцинациялау жүргізілуде. Ал вакцинациялауға қатысатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен.

Брифинг барысында Шымкент қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев қала тұрғындарын жаппай вакцинацияға шақырып, қоғамдық иммунитет қалыптастыру қажет екенін жеткізді.

Айта кетейік, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдыру оразаны бұзбайды. Ал екпе егу күнделікті сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жүргізіліп отыр. Бұл ретте екпе бойынша сауалдарға байланысты «109» немесе 39-33-47 нөміріне хабарласуға болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзCOVID-19
Previous Post

Шымкентте биыл 3 мыңға жуық жол белгісі қойылады

Next Post

Шымкентте алғаш рет жаңа форматта олимпиада өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі