13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Дәрігерлерді ардақтайық!» акциясы өтіп жатыр

26 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Дәрігерлерді ардақтайық!» акциясы өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» жобасы аясында «Дәрігерлерді ардақтайық!» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Бүгін бұл акция Түркістан қаласында Түркістан облыстық «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен жалғасын тапты.

Жасотандықтар Түркістан қалалық ауруханасы жанындағы «Жұқпалы аурулар» бөлімі және облыстық патология және анатомиялық бюро қызметкерлеріне арнап азық-түлік себеттерін тапсырды. Бұл іс-шара  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты Калыйма Жантөреева, Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Жансерік Жұман және Угилжан Васитованың қолдауымен өтті. Акцияға жалпы саны 20-дан астам белсенді қатысты. Жауапкершілігі мол мамандық иелері бір сәт жастардың жылы лебізінен қуат алып, серпіліп қалды.

«Елімізде пандемия әлі тоқтаған жоқ. Өкінішке қарай, облыс аумағында қауіпті індетке шалдыққандар саны көбейіп жатыр. Біз осы ретте қиындықпен бетпе-бет жүздесіп, дәрігерлер қауымына қолдау көрсетуді жөн деп таптық. «Nur Otan» партиясының облыстағы барлық аудан, қалаларында осындай акциялар қолға алынған. Жасотандықтар «Дәрігерлерді ардақтайық!» жобасы аясында дәрігерлерге құрмет көрсетіп жатыр», – дейді облыстық мәслихат депутаты Калыйма Жантөреева.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкент қаласында жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде

Next Post

Шымкентте батальон командирлерінің жиыны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі