13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласында жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде

26 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласында жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері 3000-ға жуық жас қоғамдық жұмыспен қамтылды. Уақытша жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Ізет Айтқұл.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман біраз уақыт жұмыссыз жүрген. 2021 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» мәртебесімен тіркеліп, көп ұзамай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не қоғамдық көмекші қызметіне жолданды.

– Жұмыссыз жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар ұсынылып отыр. Еңбек еткісі келетін адамға қай кезде болса да жұмыс табылады. Мен де сол ұстанымды қолдаймын. Уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тауып жүрмін, – дейді 22 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Биыл қоғамдық жұмыспен 2 778 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.

Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.

Тұрақты жұмыс тауып, орналасудың жолын ашатын бағдарламалар жалғасын табады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Дәстүрімізді дәріптейтін орталық Шымкентте орналасқан

Next Post

Түркістан облысында «Дәрігерлерді ардақтайық!» акциясы өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі