13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданы үшін «Қапшағай» су қоймасының маңызы зор

25 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек ауданы үшін «Қапшағай» су қоймасының маңызы зор
Share on FacebookShare on Twitter

Тіршілікке нәр берген нысан суын бүкіл аудан жұрты тұтынады. Алайда, жергілікті жұрт стратегиялық маңызы бар нысанның біраз жылдан бері жөндеу көрмегеніне алаңдаулы. Маңызды мәселені Бәйдібек ауданының ақсақалдары Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуінде көтерді.

Облыс басшысы Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында аудан ақсақалдарымен кездесіп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Аудан тұрғындары су қоймасының қазіргі жағдайын тексеріп, қажет болса жөндеу жұмыстарын жүргізуді, осылайша, қауіптің алдын алуды жеткізді. Облыс әкімі стратегиялық маңызы бар нысан республикалық меншіктегі мүлік болғандықтан, мұндай маңызды шешімдердің министрлік тарапынан қабылданатынын түсіндірді. Аталған мәселеге қатысты облыс тарапынан ұсыныстар жолданатынын айтты.

«Қапшағай» су қоймасы 1982 жылы салынған. 34 млн. текше метр су сияды. Өңір басшысы көпті көрген абыз ақсақалдармен жүздесудің маңыздылығын баса айтты. Карантин шаралары сақталып ұйымдастырылған отырыста аудан аумағындағы бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды.

«Жаһанды жаулаған індеттің өршуінен байланыс үзіліп, басқосулар тоқтатылғаны белгілі. Бүгінде еліміз бойынша Түркістан облысы «жасыл аумақта» тұр. Бұл үлкен жұмыстың көрсеткіші. Қазір өздеріңізбен кездесуді қайта жандандырып жатырмыз. Әр ауданнан ақсақалдарды жинап, қандай оңды жағдайлар, қандай кемшіліктер болып жатқанын талқылаудамыз. Өйткені біз үшін кері байланыстың болуы өте маңызды. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің тізгіні ауыл ақсақалдарының қолында тұрғаны анық»,- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Бәйдібек ауданының ақсақалдары аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғап, ақыл — кеңестерімен бөлісті. Ауыз су, тұрғын үй мәселелерін көтерді. Аудан орталығында кезекте тұрған отбасылар үшін көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызуды ұсынды. Облыс басшысы ауылды жерлерде көпқабатты үй тұрғызудың қателігін түсіндірді.

«Тұрғын үй салу ұсынысын қолдаймын. Дегенмен, ауылды жерлерде көпқабатты тұрғын үй салу — қате. Проблемаға айналар мәселе. Кәріз жүйесін жүргізудің машақаты бір бөлек. Көпқабатты үйден көрі, ауылда жер үйлер салу керек. Жер жетеді. Кезекте тұрған азаматтар үшін шағын жер үйлер тұрғызуға болады. Жобасын қарастырайық», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын нығайтуда ардагерлердің еңбегі орасан екенін атап өтті. Ауданның мәселесін көтеруге келген  ақсақалдарының белсенділігі үшін ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады

Next Post

Кедергісіз орта қалыптастыру – басты талап

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі