13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады

25 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады. Жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынан өтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданына барған жұмыс сапарында «Сарқырама» су қоймасы салынатын орынға барып, маңызды мәселені сала мамандарымен бірге талқылады. Облыс басшысы су қоймасының сыйымдылығын 50 млн текше ұлғайтуды ұсынды.

Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қарияларымен кездесті. Сапар барысында Мыңбұлақ ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылында жаңадан бой көтерген 150 орындық мектепте болды. Заман талабына сай салынған нысан, биылғы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің құрылысы екі жыл бұрын басталған. 150 орындық мектепте балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін барлық жағдай жасалынатын болады.

Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технология арқылы «Ақылды жайылым» жұмысымен танысты. Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы — ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек — кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мыңбұлақ елді мекеніндегі табиғи газ жүйесінің қазіргі жағдайын және газ құбырларын жүргізу жоспарларымен танысты. Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан 10 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 7 елді мекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Мыңбұлақ елді мекеніне 2019 жылдан бері газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Әл-Фараби ауданындағы санитарлық-тазалау жұмыстары жалғасуда

Next Post

Бәйдібек ауданы үшін «Қапшағай» су қоймасының маңызы зор

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі