13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімінің орынбасары тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімінің орынбасары тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкнт қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзі жетекшілік ететін транспорт, туризм, спорт, цифрландыру және еңбек инспекциясы салаларына қатысты әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шықты.

Мақсаты — қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, көкейдегі мәселелерге жүйелі жауап беріп, ұсыныстарды назарға алу.

«Қазір әлеуметтік желінің кең қолданысқа енген кезі. Тиімді тұстарын пайдаланамыз. Дегенмен кейде анық-қанығын білмей сын айтып, кінә артып мәселені ушықтыруға дайын тұратындар да жоқ емес. Сондықтан ақпаратты уақытылы, дер кезінде, ашық, кеңінен тарату өте маңызды», — деді Мақсұт Пернебайұлы.

Эфир 1 сағаттан астам уақыт жүргізіліп, 100-ге жуық тұрғынның сауалына жауап берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі жол мәселесі мен құрылысына, қоғамдық көліктер мен спорт алаңшаларына, еңбек инспекциясы мен қаладағы интернет, цифрландыру мәселелеріне қатысты және туризм саласына қатысты болды.

Айта кету керек, биыл қалада жол құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ал қоғамдық көлік бағытында ТӨЛЕМ-мен қатар, карантиндік талаптардың орындалуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, цифрландыру басқармасының тарапынан қаладағы интернеті дамымаған шет аймақтарға антенналар орнату шаралары қарастырылуда.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Әл-Фараби ауданында қоқыс тастаған 396 тұрғынға айыппұл салынған

Next Post

15 нысанда карантин талаптары бұзылғандығы анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі