13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкер азық-түлікті тегін таратты

22 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кәсіпкер азық-түлікті тегін таратты
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте қайырымды істер акциясы жалғасуда. Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мешіт ұйытқы болған акцияға Nur Otan партиясы қолдауы білдіріп, іс-шараны бүгін Еңбекші ауданында өткізді.

Мұнда 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іске Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаев демеушілік етіп отыр.

– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы өтіп жатыр. Соған қаламыздың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді Бәйкен Әшірбаев.

Партия өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, кәсіпкер азаматтарға ұсыныс жасалып, мұқтаж отбасыларға көмек берілуде.

– Бұған қоса «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобалары жүзеге асырылуда, — деді Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков.

Осылайша Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты Қаратөбе, Жұлдыз, Сайрам елдімекендерінің тұрғындарына ұн, май, шай, күріш және макарон қораптары бөлінді. Ауыл билерінің қадағалауымен азық-түлік көліктерге тиеліп, карантиндік талаптар ескеріліп, отбасыларға үлестіріледі.

Қайырымдылық шарасында Еңбекші ауданы, Жұлдыз елдімекенінің тұрғыны Гүлсара Жоланова өз алғысын жеткізді.

– «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халқымыз. Карантин кезінде елім деген азаматтардың қолдауымен осындай қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, азық-түлік жағынан көмектесіп отыр. Үш баланың анасы ретінде алғысымды айтамын, — деді ол.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы 12 мамырға дейін жалғасады. Биылғы пітір садақа 420 теңге болып белгіленген. Бүгінде қала бойынша көмек алушылардың базасы жасалып, «Рамазан – қайырымдылық айы» қайырымдылық шарасы шаһардағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі түсіндірілді

Next Post

Шымкентте карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі