13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталады

22 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан отандық вакцинаны әзірлеу нәтижесінде коронавирусқа қарсы өз екпесін әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кірді, дейді вице-премьер. Отандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СК-Фармация» хабтары арасында бөлінеді де, ел өңірлеріне жеткізіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлады.

Келесі партия мамырда 50 мың доза көлемінде шығарылады. Одан кейін вакцина өндірісі кезең-кезеңімен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады.

«Қазақстандық вакцинаны әзірлеу біздің елге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакцинасын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл халық денсаулығына ғана қатысты мәселе емес. Бұл биофармацевтикада іс жүзінде заманауи технологияларды қолдану мен отандық ғылым әлеуетінің айғағы болып, мемлекет беделін айшықтап тұр», — деді комиссия төрағасы, үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер мемлекет басшысының қазақстандық вакцина өндірісі ойынша барлық тапсырмасы үкіметтің жіті бақылауында екенін атап өтті. Бүгін алғашқы партияның шығарылуы ол тапсырмалардың жүзеге асып жатқанының дәлелі болып отыр.

Өткен жылдың қазанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина әзірлеу бойынша нақты тапсырама берді. Бүгінгі күні отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енді. Комиссиядағылар атап өткендей, препараттың толық қауіпсіздігі дәлелденген және вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырады.

Вакцинаға бейімделген аурулар тудырмауы инактивацияланған вакцинаның артықшылығы болып отыр. Сонымен қатар QazVac вакцинасын жеткізу кезінде мұздатқыш қондырғылары қажет болмайды. Ол плюс 2-8 градус темпераурада тоңазытқышта тасымалданады.

Жұмыс сапары кезінде Тоғжанов Ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, іске қосу-реттеу және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты іске қосу жұмыстары басталды.

Осы жылдың наурызында GMP стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген зерттеудің оң нәтижесіне (DQ) қол жеткізілді. Келесі қадам – валидация жүргізу және GMP халықаралық стандарт сертификатын алу. Осы мақсаттарға «Атабай» түрік компаниясы тартылған.

Биыл биофармацевтикалық зауыт іске қосылғаннан кейін QazVac вакцинасының өндірісі кәсіпорын базасында жалғасады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзCOVID-19
Previous Post

Шымкентте екпенің алғашқы компонентін 72 886 адам салдырды

Next Post

Биыл 26 мыңға жуық шымкенттік ауызсумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі