13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл «Еңбек» бағдарламасымен 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына қатысады

22 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында биыл «Еңбек» бағдарламасымен 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд 570,1 млн теңге қаралып, 73 996 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.

Атап айтқанда, 43 714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1 140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3 650 адам «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3 200 адам мемлекеттік грантқа, 3 050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 390 адам жастар практикасына, 12 947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.

«2021 жылдың 1 сәуіріне дейін биыл 23 972 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып үлгерді. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқу 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 5 ағымда жүргізіледі. Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар оқытылады», — деді Нұржан Кеңесбұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Жанна Тілеубекова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту карантинге байланысты онлайн форматта өтетінін хабарлады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13кзТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан қаласында күнделікті бұқаралық спорт дамиды

Next Post

Түркістанда соңғы бір аптада 709 адам ерікті түрде вакцина салдырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі