13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

21 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түлкібас ауданында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытқандардың қатары артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Түлкібас аудандық бөлімшесі арқылы өз жеке кәсібін ашуға және ұлғайтуға ниет білдірген 500-ден астам азаматқа кеңестер беріліп, нәтижесіне 42 үміткерге бизнес жоспар түзуге қолдау көрсетілді. Жалпы сомасы 187 млн 600 мың теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асты.

Осындай қолдаудың жемісін көріп, кәсібінің көкжиегін кеңейтіп отырған кәсіпкерлердің бірі Ақбиік ауылдық округінің тұрғыны Ораз Рысқұлбеков. Өткен жылы «Игілік» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіне 6 млн теңге жеңілдетілген несие алып, 90 бас қазақы және еділбай қойларын алған. Бүгінгі таңда қой басын екі еселеп, 180 басқа жеткізіп отыр. Алдағы уақытта шаруа ет бағытындағы уақ мал басын көбейтіп, ет күйінде сауда қатарларына өткізуді жоспарлап отыр.

Бүгінде ауданда аудан әкімі Нұрлан Байғұттың тапсырмасымен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жобалық кеңсе» жұмыс істеуде. Карантиннен зардап шеккен аудан экономикасын қалыпты жағдайға келтірудің бірден-бір тетігі кәсіпкерлік саласын дамыту болса, жобалық кеңсенің негізгі жұмыс бағыты — кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелер арқылы қолдауды күшейту, бағыт-бағдар беру.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

«Nur otan»: Арыстықтар партия жұмысын оң бағалады

Next Post

Сарыағаш ауданында 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі