13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur otan»: Арыстықтар партия жұмысын оң бағалады

21 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Nur otan»: Арыстықтар партия жұмысын оң бағалады
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың  19 сәуір күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиал жанынан құрылған бастауыш партия ұйымдарының есеп беру және сайлау жиналыстары өтті. Жиында бастауыш партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, бастауыш партия ұйымының төрағалары сайланып, Арыс қалалық партия филиалының ХLI (41) конференциясына делегаттар сайланды.

Жиналыстар «Шөгірлі», «Байырқұм», «С.Қожанов»,  «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымдарында өтті.  «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Саяси кеңесі Бюро мүшесі Б.Ділдабеков «Биыл сайлауда партиямыз лайықты жеңіске қол жеткізді. Сайлауалды бағдарлама қабылданып, жол картасы бекітілді. Бүгінде партия фракциясының депутаттары тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп, елдің талап-тілектері мен өтініштерін орындауға күш салып жатыр. Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша жұмыс жалғаса береді. Бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қалалық конференцияға қатысады» – деді.

Бастауыш партия ұйымының төрағалары, Елбасы тапсырмасымен партияда болған өзгерістермен тың бастамаларды жоғары бағалап, бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізілгенін айтып өтті.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғанда «Nur Otan» партиясы аз қамтылған отбасыларға да баса назар аударып, демеушілер тауып, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.

Жарыс сөзге шыққан И. Журба мектебінің партиялық топ жетекшісі Ә. Жүніс еліміздегі  игі істер партияның басшылығымен жүзеге асып жатқанын, партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтынын айтты.     Б.Момышұлы мектебінің партия белсендісі  А.Нұрғалиева «Арыс қаласында жарылыс болып, төтенше жағдай орын алғанда «Nur Otan» партияның қолдауын ерекше сезіндік. Пандемия кезінде «Birgemiz» қорынан Арыс халқына қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетті», — деді. Бүгінде Арыс қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын орындау бағытында жұмыстар қарқынды жүзеге асырылуда. Әрбір бағыттың орындалуы партияның бақылауына алынған.

Сонымен бірге Арыс қаласындағы «Стадион» бастауыш партия ұйымында да жиналыс өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Оған Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев пен  «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Арыс қалалық  Саяси кеңесінің мүшесі  Бақтығали Ділдәбеков қатысты. «Стадион» бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысының есебі тыңдалып, БПҰ бюросы мен төрағасы сайланды. Сондай-ақ аумақтық партия филиалының конференциясына делегаттар іріктелді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысында «Бастау бизнес» жобасымен оқыту басталады

Next Post

Түркістан: Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі