13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шардарада дзюдо залы ашылды

19 апреля, 2021
in Қоғам
0
Шардарада дзюдо залы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Армрестлинг спортынан әлемге танымал жүйріктер шыққан Шардара өңіріндегі «Шардара армспорты» клубында дзюдо залы ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесуге келген жастарға сәттілік тіледі.

«Армрестлинг деген сирек кездесетін спорт түрінен Шардара ауданының спортшылары ірі додаларда еліміздің атын әлемге паш етіп жүр. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестеріміз әлем жұртшылығына танымал. Денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. Жалпы, спортпен шұғылданамын деген адам жер таңдамайды. Нағыз талантты жастар ауылда»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Дзюдо залында жергілікті ұл — қыздар жаттығатын болады. Қол күрес спортынан мықтылығын әлемге мойындатып келетін шардаралық жастар клубта бокс, күрес, каратэ, найза, ядро лактырумен шұғылданады.

Облыс басшысының атынан кәсіби спортшыларға арналған америкалық спорт жабдықтары сыйға тартылды.

Айта кетейік, армрестлинг спорт мектебінен 2 мыңға жуық спортшы түрлі деңгейдегі жүлделердің иесі атанған. Клуб жаттықтырушылары 48 Әлем чемпионын, 316 ҚР чемпионын, 144 Азия чемпионын, 50 Азия кубогының иегерлерін, 85 Халықаралық турнирлер жеңімпаздары мен 62 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Биыл ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндік беріледі

Next Post

Қариялар жаңарған Tүркістанды тамашалайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі