13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Биыл ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндік беріледі

16 апреля, 2021
in Білім
0
Биыл ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндік беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа форматтағы ҰБТ 5 пәннен тұрады, 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән. Оқушы ҰБТ тапсыратын аудан, қаланы өз қалауы бойынша таңдайды. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі. Қайсысында жоғары балл жинаса, сол нәтиже есепке алынады. Бұл туралы брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

Биыл, 2020-2021 оқу жылында Түркістан облысы бойынша жалпы 919 мектепте 499 894 оқушы білім алды. Оның ішіндегі түлектер саны – 27 410. Бүгінде олардың 22 535-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Тестілеу уақыты – 240 минуттан тұрады. Оқушы тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға бере алады. Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында беріледі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыста 5 аудан, қала орталығында және Шымкент қаласында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында ҰБТ компьютерлік форматта өткізіледі. Атап айтқанда, Түркістан және Шымкент қаласы мен Жетісай, Сарыағаш, Ордабасы және Созақ аудандарында орналасқан тестілеу орталықтарында өтеді. Орталықтарда жалпы 21 аудиторияда 600 орын дайындалған. Тестілеу «бір тестіленуші-бір компьютер-бір камера» принципі бойынша компьютерлермен жабдықталған орталықтарда өтеді. Тестілеуге қатысуға өтініштер http://app.testcenter.kz/auth сайтында 2021 жылдың 17 сәуірінен бастап қабылданатын болады. Тестіленуші өз бетінше тіркеле алады», — деді басқарма басшысы.

Орталықтарда ҰБТ өткізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптары қамтамасыз етілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Токио олимпиадасына Түркістан облысының спортшылары қызу дайындықта

Next Post

Шардарада дзюдо залы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі