13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны орындауға үлес қосады

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны орындауға үлес қосады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.  Оның біріншісі – бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары және аймақтық, аумақтық партия филиалдарының есеп беру-сайлау конференцияларын өткізу кестелерін бекіту. Екінші мәселе бойынша Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын, ережелерін бекітудің жай-жапсары сарапталды.  Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі де талқыланды. Бюро мүшелері аталған жоспарларды бекітіп, қаулы қабылданды. Осыған сәйкес, 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарының кезекті есеп беру-сайлау жиналыстары, 26-30 сәуір аралығында партияның аумақтық филиалдарында кезекті есеп беру-сайлау конференциялары онлайн режимде өтетін болды.

Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар күшейетінін айтты. Осыған байланысты партия филиалы жанындағы Коғамдық кеңестердің саны артып, құрамына өңірге беделді азаматтар енгізілгенін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылып отыр. Олардың құрамына өңірге, республикаға танымал, іскер, отаншыл 128 азамат енгізіліп отыр. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңестер облыс бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалап, өзекті мәселелердің мерзімінде шешілуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз», – деді Өмірзақ Естайұлы.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия алдында елге берген уәделерді орындап, сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет екеніне тоқталды.

«Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер идеялар мен пікірлер тоғысатын, өзекті мәселелер көтерілетін алаңға айнала білді. Бағдарламалар мен жоспарлардың сапалы орындалуын бақылап, керек кезінде атқарушы органдарға маңызды ұсыныстарын бере білетін мұндай кеңестер азаматтық қоғамды дамытуға да ықпалын тигізіп келеді», – деген ол облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңес төрағаларымен таныстырды.

Қоғамдық кеңестер облыстық мәслихаттың депутаттары, партиялық кадрлық резевте тұрған кандидаттар, қоғам және партия белсенділері, зиялы қауым, қоғамдық пікір көшбасшылары, табиғат жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, білім, медицина және өзге де сала өкілдерінен құралған.

Түркістан облысы бойынша партия филиалдары жанынан 146 қоғамдық кеңес құрылған. Оның 12-сі облыстық партия филиалы жанынан құрылса, қалған 134-і аумақтық филиалдарда жұмыс істейді.

​Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев өңірде партияның Жол картасы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатқанын, сайлауалды бағдарламаны орындау партия бақылауында екенін жеткізді.

​Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыс қарқының бәсеңдетпеуді тапсырып, мәжілісті қортындылады.

Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзНұр ОтанТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Next Post

Өмірзақ Шөкеев Tүркістанды дамытуға белсенді атсалысуға шақырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі