13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысының бұйрығына сәйкес, Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды.
Айнұр Сайлаубайқызы – 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.
— 1999 ж. Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты);
— 1999 ж. Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;
— 2000 ж. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;
— 2000-2010 ж. «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобалардың авторы;
— 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры;
— «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
— Фильмографиясы: «Я тебя люблю» фильмі мен «Армандастар» сериалы;
— «Құрмет» орденінің кавалері;
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
Сонымен қатар, 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы. Мәскеу қаласында өткен «Фариза» қойылымының бас продюсері, қосымша режиссері әрі идея авторы.
Бүгін лездемелік мәжіліс барысында театр директорын таныстырған Рашид Абатұлы, қызметіне табыс, еңбегіне жеміс тілей отырып, театрдың қала тіршілігінде маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жиналыстан соң драма театрға барып, жұмыс орнымен таныстырды.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Биыл 21 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

Next Post

12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны орындауға үлес қосады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі