13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерилермен кездесу өтті

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Әскерилермен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жеке құрамымен сәуір айының басында жоспарға сай,  «Біз бейбітшілікті, бірлікті және келісімді қолдаймыз!» тақырыбында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғауға бағытталған кездесу өткізілді.

Бүгінгі қоғамда дәстүрлі және діни жат ағымдардың ара-жігін ажырата білудің маңызы аса жоғары. Діни сауаты болмаған адам адасуы әбден мүмкін. Сондықтан теологтар дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін ажырата білудің қажеттілігі жайында жастар арасында танымдық дәрістер мен кездесулерді өткізіп отырады.

Кездесуге Шымкент қаласы Ішкі саясат және Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу  орталығының маманы, теолог Уралбаев Айдос Ералыұлы арнайы келді. Ол, әскерилерге, адамның адасып басқа жолға түсіп, кез-келгеннің артынан еріп кетпеуі керек екендігін түсіндірді.

— Діни сауаттылық, мәдениетке баулу бала кезден басталуы керек. Қазіргі таңда елімізде жастардың дінге бет бұруы қарқынды жүруде. Алайда мемлекетіміз зайырлы екендігін есте сақтауымыз керек. Қоғамда діни секталар мен әр түрлі ағымдардың да белең алып тұрғаны белгілі. Осы орайда адамдар алдау мен арбауға түсіп қалмасы үшін, діни сауаттарын арттыру бағытында осындай шаралар өткізіліп тұруы тиіс,- деп өз сөзін түйіндеді Айдос Ералыұлы.

—  Әскери қызметшілер арасында діни ағартушылық жұмыстар жүргізу, экстремистік бағыттарға тосқауыл қоюдың тиімді жолы. Мұның алдын алу үшін тиісті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің маңызы зор, — деп атап өтті аталған бригаданың тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері майор Берік Әбенов.

Сонымен қоса, жиын барысында Қазақстанда тыйым салынған террористік, экстремистік және ұйымдардың тізімін жеке құрамға жеткізіп, олардан қалай қорғанудың жолдарын түсіндірді. Жиын соңында жеке құрамның көкейінде жүрген сұрақтарына мардымды жауап алып тарқасты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент гарнизонында балалар суреттері байқауы өтті

Next Post

Шымкенттің әскери қызметшілері балалар үйіне барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі