13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент гарнизонында балалар суреттері байқауы өтті

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент гарнизонында балалар суреттері байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелері әскери қызметшілерінің балалары арасында «Отан – отбасынан басталады» атты балалар суреттері байқауы өтті.

 Механикаландырылған бригада әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің басшысы Жамал Оразбек атап өткендей, мұндай конкурстар балаларға Отан қорғаушының бейнесін өз ата-аналары, жақындары арқылы елестетуге көмектеседі, әскери қызметке қатыстылық пен құрмет сезімін қалыптастырады.

Байқауға мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас), оқушылар (7-13 жас) және жасөспірімдер (14-17 жас) қатысып, «Менің әкем – батыр», «Қазақстан – әлем елі» және «Біз батырлардың ерліктерін есімізде сақтаймыз» номинацияларында өз туындыларын орындады.

Жұмыстарды бағалау кезінде комиссия қатысушылардың тақырыпты сақтауын, авторлық шешімнің мәнерлілігі мен бірегейлігін, шығармашылық тәсілін, тақырыптың өзектілігін, ашылу тереңдігін және орындалу сапасын ескерді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Шахрезада Ибаділдә иеленді. Номинациялар бойынша Назерке Қалмырза, Айлуна Тәліпбай және Ердәулет Әбдіралиев алдыңғы шептен көрінді.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Конкурсшылардың суреттері келесі кезеңге қатысу үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметіне жіберілді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz.kz13кзОтан қорғаушылар күні
Previous Post

Үш айлық нәресте түйрегіш жұтып қойған

Next Post

Әскерилермен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі