13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық 700-ден астам отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістандық 700-ден астам отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс басында болды. Аймақ басшысы құрылыс барысында ең алдымен сапаға басты назар аударуды мықтап міндеттеді. Жұмысшылармен кездескен облыс басшысы қолға алынған жұмыстарды дер кезінде, белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды жүктеді.

Түркістан қаласында былтырғы жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 12 мыңнан асқан. Осы бағытта жаңа әлеуметтік үйлердің қатарын көбейту жоспарланған. Өткен жылдың соңында кезекте тұрған 440 мұқтаж азаматтарға пәтерлер тапсырылды. 534 пәтер несиемен рәсімделіп берілсе, 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып,  336 пәтер «Отбасы банкі» арқылы пайдалануға берілген.

Қала бойынша 46 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жыл соңына дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығындағы 77 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ретте құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, кезекте тұрған азаматтарға 2021 жыл соңына дейін 730 пәтерлерді табыстау жоспарлануда.

Қаланың жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, қала ішінде 10 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 200 шақырымды құрайтын 140 көше жарықтандырылды. Бұнымен қоса орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 100 шақырымға, яғни 81 көшеге жүргізіліп, аяқ жолдар салынды.

Түркістанның Бас жоспарына сәйкес, асфальт төселмеген көшелерге сарқынды су мен газ құбырларын тарту, шағал тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу да көзделген. Инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың барлық негізгі көшелерін жарықтандыру жүйесімен қамту көзделуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Жекпе-жек өнері спортын дамытуға қолдау білдірілуде

Next Post

"Гүлдер саябағы" аумағында абаттандыру жұмысы жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі