13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Жекпе-жек өнері спортын дамытуға қолдау білдірілуде

14 апреля, 2021
in Спорт
0
Жекпе-жек өнері спортын дамытуға қолдау білдірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті Президенті Әбілсейіт Дүйсебаевтың тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ өңірдегі бірқатар аудан, қалаға іссапарға шықты. Басты мақсат – жекпе-жек спорты жаттықтырушыларына әдістемелік көмек көрсетіп, ішкі талдау жұмыстарын жүргізу ісін қадағалау. Сондай-ақ, спортшылардың жаттығуын көріп, жаттығу залдарының жай-күйімен танысу.

Жұмысшы топ құрамында қауымдастық басшысының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Оразхан Асхан (жұмысшы топ төрағасы), әдіскерлер, мекеме қызметкерлері бар.

Қауымдастық басшысы Дәурен Тәңірбергенов Сарыағаш және Қазығұрт аудандарына іссапармен барды. Жергілікті билік өкілдерімен кездесуде Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту бағыты талқыланды.

«Облыс аумағында бірнеше аудан-қаларға іссапарда аудан әкімдерімен, жаттықтырушылар және 700-ге жуық спортшы жастармен кездестік. Аудан әкімдері бұқаралық спортты дамытуға қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді. Қазығұрт ауданы әкімі Арман Абдуллаевпен жүздескенде Сарапхана ауылынан шыққан пенчак силат чемпиондарының жеңісі туралы қуанышпен жеткізді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Жыл ішінде 15-ке жуық жасөспірім спортшы ел біріншілігігінің жүлделі орындарын иемденген. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болса – сол сіз бен біздің ортақ жеңісіміз. Мейлі барлығы бірдей чемпион болуы шарт емес, спортты жанына серік еткені маңызды», – деді Дәурен Рахымұлы.

Жоспарға сай жұмысшы топ мүшелері алдымен Жетісай ауданы, Асық-ата кентінде болды. ММА аралас жекпе-жек, джиу-джитсу спорт түрінің жаттықтырушысы Сырым Айтбай және шәкірттерімен жүздесті.

Келесі күні Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы самбошы балуандармен және Қазығұрт ауданындағы пенчак-силат спорт түрімен айналысатын жастармен кездесті.

Сонымен қатар, екінші жұмысшы топ мүшелері Төлеби ауданында орналасқан муайтай спорты жаттығу залында болды.

Жаттықтырушы Арман Уразбаев пен Ибадила Шерімханмен кездесіп, муайтай спортымен шұғылданатын спортшыларға сәттілік тіледі.

Жұмысшы топ мүшелері Ерлан Жүсіпов, Нұржігіт Ерімбетов, Нұржан Садықов Сайрам ауданы және Қазығұрт ауданы, Ақжар ауылындағы кикбоксинг, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі ушу санда спортшыларымен кездесті.

Жаттықтырушылар Мұхтар Мелдебеков, Умитжан Хаджиметов, Нұрсұлтан Байтүгеловпен бірге спортшы жастардың оқу-жаттығу барысымен танысты.

Нұртас Кеңесбеков,

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі.

Previous Post

Түркістан әкімі Сovid-19 індетіне қарсы вакцина қабылдады

Next Post

Түркістандық 700-ден астам отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі