13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр

13 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Ал өңірдің басым бағыттарының бірі — облыс орталығын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету. Осыған орай облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданған. Ондағы жобалардың бірі — мал бордақылау алаңы бар тауарлы — сүт фермасын құру жобасы.

Гольштейн-фриз тұқымды 1200 мал басқа арналған жаңа ферманың басты мақсаты — тұрғындарды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ферманың құрылысы Кентау қаласы, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында 46 гектар аумақта бастау алды. Бүгінгі күні жобаны іске асыру шеңберінде технологияны жеткізушісі анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жүзеге асуы — сүт және сүт өнімдерінің сапасын арттырып, оның көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады деп жоспарлануда.

«Түркістан» ӘКК» АҚ іске қосылған алғашқы кезеңінде, яғни 2019 жылы 1000 гектар алқапта мал азығы дақылдарын өсіру жобасын бастаған болатын. Бюджет қаражаты мен сол кезде тартылған инвестицияларды пайдаланып, 18 жаңбырлатып суару машиналары сатып алынып, орнатылған. Сондай-ақ егістік алқаптардағы жұмыстарға арналған 26 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылды. Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, жиналған өнім соғылып жатқан өндірістік сүт фермасын қажетті жем-шөп қорымен қамтитын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Сайрам ауданында 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

Next Post

Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі