13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

13 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Сайрам ауданында 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында 41,7 гектар жылыжайлар аумағына қияр, қызанақ, болгар бұрышы, лимон егілді. Сондай-ақ, аулалар мен көшелерді көріктендіру мақсатындағы гүл көшеттері де жылыжайларда өніп жатыр.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округіндегі 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Нар-Ата» шаруа қожалығында болды. Аталған жылыжай 2020 жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған. Қожалық басшысы Е.Элдарбек егіншілік жайын айтып, сол маңда инфрақұрылым жүйесін жақсарту туралы өтінішін жеткізді. Аудан әкімі тиісті шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістанға сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасында 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілген болатын. Жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы басталды

Next Post

Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі