13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке үш облыстан әскерге шақырылушылар келді

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентке үш облыстан әскерге шақырылушылар келді
Share on FacebookShare on Twitter

Көктемгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан жас буынмен толықты.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін әскерге шақырылушылар әскери бөлімге келе салысымен ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге оқшауланды. Осы уақыт ішінде оларға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелері белгілі болғасын, жас сарбаздар алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Бір ай бойы олар әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жалпыәскери дайындықтың негізгі пәндерін оқитын болады. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.
Әскерге шақырылушылар командарының бөлімге келуі демалыс күндеріне түскеніне қарамастан,оларды тәуліктік кезекшілікте тұрған жеке құраммен әскери оркестрдің музыкасы қарсы алды. Әскерге шақырылушыларды бөлімніңбасшылық құрамымен таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтылды.
Жас толыммен алғашқы әскери дайындық курсына арналғанжиын әкімшілігі тағайындалды. Оның құрамына сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесетін, әскери істің қыр-сырын үйрететін тәжірибелі офицерлер, сержанттар мен психологтар кірді.
Казармалық үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізіліп, медициналық пункттің қоры қажетті дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялау құралдарымен толықтырылды.
Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін өтетін курстың қорытындысы полигонға шығыпатыс қаруынан оқу-ату жаттығуларын орындаумен аяқталады.
Сарбаздарды жаңа жағдайларға тез бейімдеу, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында Қорғаныс министрлігінің басшылығы оларға ата-аналары, туыстары және достарымен уақытылы хабарласып тұруы жүргізу үшін ұялы байланысты пайдалануға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдағандығын атап кеткен жөн.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Ерлік – ұрпақ ұраны!

Next Post

Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі