13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандардың қатары артып келеді

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандардың қатары артып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына 22 591 адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Оның 9 612-сі вакцинаның 2-ші компонентін салдырып үлгерген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Мейрамбайқызы мәлімдеді.

Ол жиын барсында «COVID-19» індетімен күресудің бірден-бір сенімді жолы екпе салу екенін айтты.

«Бүгінге дейін өңірімізге екпенің 23 400 дозасы жеткізілді. Қосымша сәуір айының соңына дейін 83 100 доза алынады деп күтілуде. Дегенмен, Түркістан облысында халық саны көп, екпе қабылдауға ниетті азаматтар санының артуына байланысты қосымша екпе алуға ұсыныстар әзірленуде», – деді облыстың бас дәрігерінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол өңірде екпе салдырғандардың арасында ешқандай теріс әсерлер мен асқынулардың жағдайы тіркелмегендігін жеткізді. Вакцина қабылдаған адам ауру жұқтырған күннің өзінде жеңіл өткеруіне себеп болатыны айтылды.

Өз кезегінде облыстың бас санитариялық дәрігері Н.Нышанов Түркістан облысы жасыл аймақта екенін айтты. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайтынын, карантиндік талаптарды қатаң түрде сақтау керектігін ескертті. Айта кетейік, 7 сәуірде облыста «COVID-19» індетімен 19 науқас, пневмониямен 16 адам тіркелген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Арыс қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылады

Next Post

Ерлік – ұрпақ ұраны!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі