13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылады

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Арыс қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының басшысы Г.Құрманбекова қала және ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдерімен және еңбек ардагерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты — тоғыз жолдың торабы атанған киелі мекен Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

«Қазақта үй алдында төбе болса ерттеулі тұрған атпен тең, ауылында қартың болса жазулы тұрған хатпен тең деген қанатты сөз бар. Сіздермен ақылдасып, кеңесе отырып Арыс өңірін облысымыздың алдыңғы қатарлы қалаларының қатарына шығару үшін, елді ынтымаққа шақырып, бірлесе жұмыс істеуіміз қажет», — деді жиында шаһар басшысы.

Ардагер, ұстаз, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің алқа мүшесі Қ.Балқыбеков ардагерлердің тыныс-тіршілігіне тоқталып, өскелең ұрпаққа өнеге беретін, ұлттық құндылықты насихаттайтын орталық ашу қажеттігін жеткізді. Гүлжан Мамытқызы ұсынысты назарға алып, қолдау білдірді.

Шара барысында жиынға келген еңбек ардагерлері Арыс қаласын дамыту үшін экономика, ауыл шаруашылығы, коммуналдық салаларға қатысты ұсыныстар-пікірлерін білдіріп, қала әкімі Гүлжан Мамытқызына алдағы атқарар жұмыстарына сәттіліктер тіледі.Тиісінше қала басшысы алдағы уақытта ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Қазақстанда қыркүйекте 10 млн адамға вакцина салу аяқталады

Next Post

Коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандардың қатары артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі