13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге шара көріледі

7 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге шара көріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қолға алынып отыр. Негізсіз баға көтерген тауар жеткізушілерге шара көрілетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Түркістан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 103,2 пайызды құраған.

«2021 жылға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру» бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның орындалуына облыс әкімінің тиісті орынбасарлары, бірқатар облыстық басқармалар мен департаменттер, аудан, қала әкімдері жауапты болып бекітілді. Қазіргі таңда, азық-түлік тауарларының 2 түрі бекітілген шекті бағалардан 15 пайызға жоғары саудаланып жатыр. Яғни, 322 теңге болып бекітілген жұмыртқаның құны 386 теңгеге өсті, ал 526 теңге күнбағыс майы 640 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінде осы сияқты тауарлар құнының өсуінің себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде», – деді Д.Асқарұлы.

Сондай-ақ, жиында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Серғазиев Данияр өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендері және әмбебап базарларымен 1 098 меморандум түзілгенін айтты. Одан бөлек, арнайы құрылған мобильдік топтар аймақтағы 55 әмбебап сауда базарына, 65 сауда үйіне және 986 дүкендерге рейдтік шаралар жүргізіп, азық-түлік тауарлары бағаларын негізсіз көтерген жағдайда заң аясында шара көрілетіні жөнінде ескерту жасалған.

Өз кезегінде Азық түлік тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Бекбол Амантаев қорда құны 450 млн теңге болатын тауар барын жеткізді. Бүгінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп қосымша тауарлар жеткізілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік павильондар, жәрмеңкелер және көшпелі сауда арқылы жалпы сомасы 24,2 млн теңгеге 230,7 тонна азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылымға шығарылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Previous Post

Шымкентте карантин шаралары күшейтіледі

Next Post

Дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі