13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте карантин шаралары күшейтіледі

7 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте карантин шаралары күшейтіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте карантин шаралары 12-сәуірден 26 сәуірге дейін күшейтіледі.

Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес қалада каратин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«12 сәуір сағат 00:00-ден 26 сәуір 00:00-ге дейін Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары күшейтілсін», – делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарына бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (ауызашар, еске алу, туған күн, мерейтой, қоштасу, үйлену тойы, беташар және т.б.).

Ал жасы 65-тен асқан адамдарға қала бойынша жүруге шектеу қойылған.

Сол сияқты қоғамдық көліктерді қоса алғанда, азаматтарға қызметіне рұқсат етілген объектілерге барғанда маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдануға қойылатын талаптарды қатаң сақтау міндеттеледі.

Сондай-ақ кеңсе қызметкерлерінің 50%-ін қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру көзделеді.

Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын базарлардың, жәрмеңкелердің қызметі шектеліп, толу деңгейі 30%-тен аспауы тиіс. Ал қызмет көрсету уақыты жұмыс күндері 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Банкет залдары мен аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.

Косметологиялық қызметтерді ұсынатын СПА-орталықтар мен сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысы тоқтатылады.

Кезекші топтарды қоспағанда (20 адамнан аспайтын) балаларды сауықтыру лагерлері мен мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қаулыда балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен цирктердің жұмысына, сондай-ақ караоке, бильярд, түнгі клубтар мен боулинг орталықтарының қызметі тоқтатылатыны айтылған.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеге арқылы танысуға болады.

Previous Post

А. Цой: 6 млн. астам вакцина дозасын қабылдау жоспарлануда

Next Post

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге шара көріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі