13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік тергеушілердің еңбегі еленді

6 апреля, 2021
in Қоғам
0
Шымкенттік тергеушілердің еңбегі еленді
Share on FacebookShare on Twitter

Тергеуші қызметі – аса сауаттылық пен білімді, шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Олардың мақсаты – нақты айғақ жинап, қылмыскерді дәл табу. Аталмыш сала ішкі істер органдары жүйесінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл қызметке таңдаулы мамандар ғана шақырылады. Олардың тергеу нәтижесінен білдей полицияның жұмысы бағаланады. Бүгінгі күні Қаратау ауданында 25 тергеуші бар. Әрине, олардың әрбірі ең үздік тергеуші атанғысы келеді. Тергеуші лауазымына жоғары заң білімі бар кез келген адам тағайындала алады, алайда олардың бәрінің бірдей білікті маман болып жұмыс істей алуы өте қиын. Тергеушілер құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күрес ісіне жан және дене күшін, денсаулығы мен білімін жұмсауға мәжбүр. Олар жеке уақытымен санаспай, тек өзіне тән табандылықпен және қағидаттылықпен қылмыстарды тергейді және ашады. Қандай да бір қылмыстық оқиға кезінде сезіктінің қылмысқа қатысты кінәсін дәлелдеу қажет. Тергеушінің ең алғашқы міндеті — іс бойынша айғақтарды жинап, заңды жүйелеп сотқа жіберу. Алтыншы сәуір еліміздің тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай, Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасындағы тергеушілерге салтанатты түрде сый-құрмет көрсетілді. Асқан шеберлігі мен жетістіктері үшін бірқатар тергеушілер құрмет грамоталары, алғыс хаттарға ие болды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 30 пайыздан асты

Next Post

Грантқа түсу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі