13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 30 пайыздан асты

6 апреля, 2021
in Спорт
0
Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 30 пайыздан асты
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылы 3 айда атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Тұманбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және басты индикаторларды баяндады.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, шаһарда денешынықтыру және спортты дамытуды іске асырудың негізгі бағыттары — бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылым дамыту, жоғары спорт шеберлігі және спорт резервін дайындау.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуды 35%-ға дейін жеткізу көзделген.

Шымкент қаласында бүгінде 31 мемлекеттік меншіктегі мекемелер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс істейді. Шаһарда бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2021 жылдың 3 айында қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 324 690 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 30,6 %-ын құрады. 2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31 % -ға ұлғайту жоспарлануда (2021 жылы 10 110 адам арттыру қажет).

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаладағы мектептер арасында спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) «Шымкент жастар лигасы» өткізілуде. Жобаға қатысу үшін 4 спорт түрі бойынша 140 мектептен өтініш түсіп, 1-наурыз күні жарыстар бастау алды. Футбол, волейбол, баскетбол спорт түрлерінен жарыстар наурыз-мамыр аралығында өтеді. Ал қыркүйек айында шахматтан сайыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, биыл жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындары, мектеп оқушылары арасында Спартакиада, жасөспірімдер командалары арасында футболдан қала чемпионаты мен қыздар арасындағы футбол лигасын өткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысының әкімдігі мен аймақтағы ірі тауар өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен келісімге келді

Next Post

Шымкенттік тергеушілердің еңбегі еленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі