13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ІІМ Алматы академиясында полиция басшыларын даярлау факультеті ашылды

5 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
ІІМ Алматы академиясында полиция басшыларын даярлау факультеті ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында онлайн режимде ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау факультетінің ашылуы өтті.

Факультет тыңдаушыларын алғашқы қабылдау алдында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтау сөз сөйледі.

– ІІМ Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол, ең алдымен, полицияның ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және олардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Осыған байланысты кадр жұмысына және тәртіп сақшыларының біліктілігін арттыруға үлкен мән беріледі, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Полиция ведомствосының басшысы жаңа факультеттің ашылуының алдында үлкен талдау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

– Ішкі істер министрліктерінің басшы құрамын даярлау бойынша арнайы оқу орындарының әлемдік практикасы зерделенді. Ұлыбритания, Германия, Жапония және Ресейдің озық тәжірибесі негізге алынды. Аталған елдерде басшылық құрам басқарушылық, техникалық және коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қабілеттерді дамыту бойынша жүйелі түрде оқытылады, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Оқу бағдарламасы үш айға есептелген. Факультет тыңдаушылары ауқымды бағыттар бойынша (геосаясат, жобалық басқару, қызметкерлермен жұмыс, психологиялық дайындық, IT-сауаттылық, қаржылық сауаттылық) 12 модульді оқиды.

Курсты жақсы аяқтау мансаптық өсу, ІІМ орталық аппараты департаменттерінің басшылары мен аумақтық бөліністердің бірінші басшылары лауазымдарына қызметке тағайындау кезінде өз септігін тигізетін болады.

– Күн сайын дамып, өзгеріп жатқан әлемде полиция бұрынғы қалпында қалып қоймауы керек. Ішкі істер органдарының қызметкерлері үнемі ізденісте болып, жан-жақты дамуы қажет. Сондықтан да бірінші басшылар жеке құрам үшін әрдайым үлгі болады, – деп атап өтті ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мақтааралда аса мұқтаж отбасылар баспаналы болды

Next Post

Қазақстанда шегіртке зиянкестерін анықтау мақсатында тексеру басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі