13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда аса мұқтаж отбасылар баспаналы болды

3 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Мақтааралда аса мұқтаж отбасылар баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында көпбалалы және аз қамтылған 50 отбасы жаңа баспанаға ие болады. “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік тұрғын үйлер баспана кезегіндегі тұрғындарға үйлестіріледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, ауданның бүгінгі тыныс — тіршілігімен танысты.

Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған мелтекауданда болған облыс басшысы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында құрылысы жоспарланған көпқабатты тұрғын үй жобаларымен танысып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшада болған аймақ басшысы, мердігерлермен кездесті. Білім ұяларын жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беруді міндеттеді. Қайта жөндеуден өткен “Даңқ” аллеясын аралап, жаңадан қолға алынған жобаларға қатысты аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, қайта құру жұмыстары жүргізілген Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында болып, аудандағы бұқаралық спортты дамыту жағдайын пысықтады. Мырзакентте жаңадан бой көтерген Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда болды. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету мекемесі пайдалануға беруге дайын. Медициналық мекеме заманауи қондырғылармен толық жабдықталады. Дәл осындай Ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Фельдшерлік-акушерлік бекет жақын күндері Өргебас пен Фирдауси ауылдарында да ашылады. Мырзакент кентінде салынған жаңа қалашықта болып, онда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы барысын бақылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан декларациясын қабылдау-Түркістанды мойындау

Next Post

ІІМ Алматы академиясында полиция басшыларын даярлау факультеті ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі