13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

9 июня, 2020
in Қоғам
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Құрылысшылармен кездесіп, карантин кезінде санитарлық талаптардың сақталуын мықтап тапсырды.

«Коронавирус инфекциясына қатысты өңірдегі көрсеткіштер қуантарлық емес. Облыс аумағында карантин және шектеу іс-шаралары коронавирус індеті эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сақталатын болады. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет. Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Құрылыс саласында сақтық шаралары мен тәртіпті күшейту керек»,-деді облыс әкімі.

 

Қаладағы «Желілік саябақ» абаттандыруы аяқталуға жақын. Субұрқақ құрылысы  мен жалпы суару жүйесі толық біткен. Қазіргі таңда сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстары аяқталып қалған. Саялы бақта бассейндер салынып, жарық шамдар қойылған. Сан алуын түрлі гүлдер мен бағалы ағаш түрлері отырғызылған.

«Әзірет сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстары 4 кезеңге бөлінген. Мұражай аумағында жер тегістеліп, кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Субұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 82 жұмысшы жұмылдырылған.

Тұңғыш Президент саябағында кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Жер тегістеліп, жарық жүйесі жүргізіліп, сыртқы су сүйесімен толық қамтамасыз етілген. Саябақ аумағында 2000-ға жуық түр ағаш егілген.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

МАҚТААРАЛ: ЗАҚЫМДАҒАН ЕГІСТІКТІҢ 50 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі