13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

9 июня, 2020
in Билік, Қоғам
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында салынып жатқан халықаралық әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысын тексерді. Қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен бой көтеруде. «YDA Group» түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежай жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 102 арнайы техникасы мен 300-ден аса құрылысшысы тынымсыз еңбек етуде, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі .
Туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленіп, 2025 жылға дейін турист санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта халықаралық әуежайдан екі күнде бір рет Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ ашу көзделген. Бұл мәселе былтыр желтоқсан айында өткен Түркістан облысының Мәскеудегі күндері барысында айтылды. Іс-шараға туристік компаниялар, туризм саласындағы қоғамдық бірлестік ұйымдары, қауымдастықтар мен мемлекеттік ұйымдар қатысты.
Әуежай 900 гектар аумақты қамтиды. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салынады. Әуежай терминалы жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым.

Previous Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Next Post

КЕНТАУЛЫҚ ШАРУАЛАР БІР ЕМЕС, БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі