«Әділет» партиясы Тұран аудандық филиалының «Жалын» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен алға қойған міндеттерін талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері және өңірді дамытуға қатысты бастамалар талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, елдегі өзгерістер мен реформаларға қатысты пікір алмасты.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіру, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және ел дамуына бағытталған бастамаларды бірлесе талқылау.
Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.




