«Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының «КТЖ» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиында Президент айқындаған ел дамуының басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен сөз болды. Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңызына тоқталып, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және өңірлердің өркендеуіне тигізетін ықпылы жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу, инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ жиын барысында ел дамуына әрбір азаматтың қосар үлесі, қоғам алдындағы жауапкершілігі мен қоғамдық өмірге белсенді араласуының маңызы айтылды.
Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халық арасында түсіндіру және ондағы бастамаларды талқылау бағытындағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.




