«Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Жолдауда белгіленген басым бағыттарды түсіндіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді талқылау және оларды жүзеге асырудағы азаматтардың рөлін айқындау.
Жиын барысында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жетілдіру және қоғамдағы жауапкершілікті нығайту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар ел дамуының өзекті бағыттары мен алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстарға қатысты пікірлер айтылды.
Қатысушылар Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі, ортақ іске жауапкершілікпен қарауы мен адал еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
«Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы алдағы уақытта да Жолдаудағы басым бағыттарды талқылау, түсіндіру және азаматтармен ашық пікір алмасу жұмыстарын жалғастырады.




