«Әділет» партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының мүшелері Әл-Фараби ауданында орналасқан «Mobil Plus» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның Шымкент қаласы бойынша 2027–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен алдағы міндеттері туралы ақпарат берілді.
Кездесуде қаланың экономикалық дамуы, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғындардың нақты табысын арттыру және тұрақты жұмыс орындарын құру мәселелеріне назар аударылды. Аталған бағыттар партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы маңызды міндеттердің қатарында.
Бағдарламаның «Әділ экономика» бөлімінде кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ету және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандар даярлау мәселелері қамтылған. Атап айтқанда, алдағы бес жылда тұрақты және қысқа мерзімді жұмыспен қамту шаралары арқылы 20 мың адамды жұмыспен қамтуға атсалысу көзделген.
Сонымен қатар «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне нәтижеге байланысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау деңгейін 70 пайыздан 90 пайызға дейін арттыруға ықпал ету міндеті белгіленген.
Кездесу барсында мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, талап-тілектерін жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.




