Кездесудің негізгі мақсаты – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, партияның алдағы жоспарлары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерді талқылау. Сонымен қатар, тұрғындармен ашық диалог орнатып, партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайту көзделді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын сақтау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.




