Баннер
13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ВЕНГРИЯДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ЕКТІ

9 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ВЕНГРИЯДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ЕКТІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Венгриядан келген делегация Шымкенттегі дендрологиялық саябақтың Құрметті қонақтар аллеясына он түп шынар ағашын екті. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дебрецен қаласының әкімі Ласло Папп бастаған Венгрияның ресми делегацисы салтанатты түрде саябаққа ағаш еккен.

Ағаш егу рәсімі делегацияның мегаполиске сапары бағдарламасының бір бөлігі болды. Сапардың негізгі мақсаты – іскерлік және ынтымақтастық байланыстарды кеңейту. Осыдан кейін Дебрецен қаласының әкімі жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

«Бұл –Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым. Бұл қала бірден менің назарымды аударды, себебі Дебрецен мен Шымкенттің арасында көптеген ұқсастықтар бар екенін байқадық. Венгрия мен Қазақстан арасында тарихи байланыстар ежелден қалыптасқан, өйткені халықтарымыздың ортақ тамыры бар. Шымкентке келудегі басты мақсатымыз – екі ел арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ, халықтарымыз бен қалаларымыз арасында экономикалық, мәдени, достық және адами қарым-қатынастарды дамыту», – деді Дебрецен қаласының әкімі іс-шара барысында.

Венгрия делегациясының басшысы мегаполисте қысқа уақыт болғанына қарамастан, екі қаланың экономикалық, мәдени және тарихи бағыттарда көптеген ортақ тұстары бар екеніне көз жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, Дебрецен – Венгриядағы көлемі жағынан екінші қала. Қала туризм мен экономиканы белсенді дамытып келеді және тек Шымкентпен ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға дайын.

Шымкент қаласының Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділхановтың айтуынша, шетелдік делегацияның сапары – екі қаланы жақындастыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстың негізгі нәтижесі.

«Шетелдік қонақтар мегаполиске ең алдымен ресми бауырлас қала байланыстарын орнату мақсатында келді. Бұл орайда біз тиісті меморандумға қол қоямыз. Бұл құжат алдағы ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалыптастырады. Сонымен қатар, осы сапар аясында венгриялық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. Онда нақты келіссөздер өтіп, бірлескен жұмыс бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік», – деді Бексұлтан Әділханов.

Басқарма басшысы екі елдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын да атап өтті.

Previous Post

ВЕНГРИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «QAZALPACK» ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ ПЕН ДЕБРЕЦЕН ҚАЛАЛАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check